Ұлттық қор инвестициялық табысының тең жартысы балалардың есепшотына түсіп отырады

Жарияланды
Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылмақ

Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды. Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама қолға алынбақ.

Президенттің айтуынша, қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды.

«Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді», деді Қ. Тоқаев.

Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз