Петропавлда жұмысшы құрылыс нысанында көз жұмды

Тағы екі жұмысшы қатты жарақат алған

Петропавлда 20 жастағы жұмысшы құрылыс нысанында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамыз күні Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жамбыл көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінен үш қызметкердің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құрылыс нысанының жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 1994, 2002 және 2004 жылдары туған үш жұмысшы буланудан зардап шеккені анықталды.

Олардың бірі, 20 жастағы жігіт, сол жерде қайтыс болды. Қалған екі зардап шегуші қаланың медициналық мекемесіне жатқызылды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі “Еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Істің мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігер ұйымдардың кінәсі анықталады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар