Елімізде биыл жемқорлықпен ұсталған әкімдік қызметкерлер көбейіп кетті

Сыбайлас жемқорлықпен көбінесе Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің қызметкерлері ұсталды

Елімізде сыбайлас жемқорлық мәселесі қашанда өткір болып келеді, әсіресе мемлекеттік органдарда. Ranking.kz тобы ел әкімдіктері қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына талдау жасады.

2022 жылдың қаңтар-шілде айларында мұндай құқық бұзушылықтарды әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 91 қызметкері жасаған. Бұл соңғы жылдардағы «рекордтық» көрсеткіш. Мәселен, 2021 жылдың дәл осы кезеңінде 87 жемқор шенеунік қолға түскен. Айта кетейік, 2021-2022 жылдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған әкімдіктер қызметкерлерінің саны өткен жылдардағы көрсеткіштерден айтарлықтай асып кеткен (салыстыру үшін: 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 11 құқық бұзушы, 2019 жылы – 23, жылы 2018 – 22).

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар баптары аясында әкімдіктердің барлық қызметкерлерінің көпшілігі келесілер үшін жауапкершілікке тартылды:
• сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру (ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) – 28 адам;
• пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) – 26 адам;
• Пара беру (ҚР ҚК 367-бабы) – 19 адам;
• алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) – 14 адам.

Өңірлік тұрғыда Түркістан облысы бойынша әкімдіктер қызметкерлерінің басым бөлігі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен ұсталды – 13 адам.

Жемқорлық құқық бұзушылар саны бойынша көшбасшылар қатарында Қызылорда облысы (11 адам) мен Шымкент қаласы (9 адам) да бар.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар