Әлімханұлы: Менімен айқасудан енді қашпа!

Жарияланды
Әлімханұлы намысына тиген Эскива Фалькаоға жауап берді

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) бразилиялық Эскива Фалькаоның (30-0, 20 КО) намысқа тиетін сөздеріне бірден жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Алдымен өз командаңмен кеңес. Егер дайын болсаң, мен сені нокаутқа түсіруге әрқашан дайынмын, бір ғана сұрайтыным бар, менімен айқасудан енді қашпа!», – деп жазды Жәнібек. 

Айта кетейік, Бразилиялық нокаутшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) намысқа тиетін сөздер айтқан.

«Саған енді қарапайым боксыңнан гөрі көбірек айқасу керек болады. Сен мұны қалай өткеру керегін білмейсің. Мен саған қарағанда таланттымын. @qazaqstyle сен әлсізсің және белбеуден айырылып қаламын деп қорқасың», – жеп жазған бразилиялық. 

Сондай-ақ оқыңыз