Қырғызстан Ресеймен келіссөздер жүргізуде

Жарияланды
Мигранттарға қатысты заңдарын жұмсарту жөнінде

Қырғызстан делегациясы мигранттарға қойылатын талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге ұшады. Бұл туралы 24.kg агенттігіне депутат, Жогорку Кенештің халықаралық істер комитетінің төрағасы Шыңғыс Айдарбеков мәлімдеді.

«Келіссөздер жалғасып жатыр. Ресейде жұмысшылардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнаманы жұмсарту бойынша келіссөздер жүргізілмек. Біз мәселені комитеттің бір отырысында қарауды жоспарлап отырмыз», – деді Шыңғыс Айдарбеков.

Айта кетейік, 21 тамызда Ресей Федерациясының Ульяновск облысында болған оқыс оқиғадан 14 қырғызстандық қаза тапты. Ресми мәлімет бойынша, олар Ресейдің көші-қон заңнамасының жаңа талаптарын орындау үшін барған.

Сондай-ақ оқыңыз