Қайырымдылық ұйымдары: кімге сенім артуға болады және олар немен айналысады?

Қазақстанда 100-ден астам қайырымдылық ұйымы жұмыс істейді

Біз сенім артуға болатын, түрлі миссияны атқаратын негізгі қорлардың тізімін жасадық. Тізімді құрар кезде қор мен ұйымның тәжірибесі мен беделіне – олардың eGov сайтында болуы  мен жұмыс нәтижесіне сүйендік.

Шартты түрде елдегі қайырымдылық қорларын бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Әлеуметтік жобалар.

2. Балаларға көмектесуді мақсат ететін жобалар.

3. Аз қамтылған отбасыларға көмексетін ұйымдар мен қорлар.

4. Құқықтық және әлеуметтік көмек беретін ұйымдар мен қорлар.

5. Қарт адамдарға көмек беретін қорлар.

6. Жануарларға көмектесетін жобалар.

7. Денсаулық, мәдениет және білім беру салаларын қолдауға бағытталған жобалар.

Әлеуметтік жобалар

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры. Ғылым және өнер жолындағы талантты жастарға көмек береді, қоғамдық маңызды әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы қоғамның шексіз әлеуетін дамытуды көздейді.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық компания тобының халық үшін әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асырады.

«Азамат Әлеуеті» жеке қайырымдылық қоры. Әлеуметтік саланы дамытуға, аса маңызды және перспективалы ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Taiburyl қоғамдық бірлестігі студенттерді, ғалымдарды, зерттеушілерді, таланттарды, сала мамандарын қолдаумен, дамытумен айналысады.

«Болашақ» корпоративтік қоры қайырымдылық және волонтерлық қызметті қалыптастырумен, сондай-ақ сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етумен, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытумен айналысады.

Балаларға көмектесетін қорлар

«Дар» қайырымдылық қоғамдық қоры қиын жағдайға тап болған балаларға: жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасы мүшелеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ емдеуді қажет ететін балаларға көмектеседі.

«Дара» қайырымдылық қоры жетім, мүмкіндігі шектеулі және науқас балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Қор қызметін балалар емдеу мекемелері, балалар үйлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттар арқылы жүзеге асырады.

«Аяла» қайырымдылық қоры балалардың денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне көмек көрсетеді.

 «Сәби» қорының миссиясы жұртшылықтың қайырымыдылық саласын түсінуіне ықпал етуге, филантропияны қайырымдылық көмегін алушылар үшін тиімді етуге және демеушілер үшін тартымды етуге негізделген.

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетеді, мұқтаж жандарға кеңес береді, ауруларды диагностикалаумен, емдеумен және оңалтумен айналысатын балалар мекемелерімен әріптестік байланыс орнатады.

Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қорлар мен ұйымдар

«Шұғыла» қоғамдық қоры аз қамтылған отбасыларға материалдық-әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады, ауруларды ерте кезеңде анықтау және оның дамуына жол бермеу үшін ауыл тұрғындарын көшпелі медициналық тексеруден өткізеді, сондай-ақ мүмкіндігі жоқ жандарға қолдау көрсетеді.

«Ниет» қайырымдылық қоры аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың өмір сүру деңгейін көтерумен айналысады.

Құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін қорлар мен ұйымдар

«Қазақстанның Қызыл айы» қоры – әлемдегі ең құрметті гуманитарлық қоғамдастықтың, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының бөлігі. Ұйым дағдарысқа ұшыраған адамдарға гуманитарлық көмек пен әлеуметтік қолдау көрсетеді.

«Аман-Саулық» қоғамдық қоры – денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы сарапшы және құқық қорғау ұйымы.

«Жанұя отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қоры қиын жағдайдағы балалар мен отбасыларға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек көрсетеді.

Қарт адамдарға көмек көрсететін қор

«ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балаларының кеңесі» қоғамдық қоры барлық мұқтаж және жалғызбасты ардагерлерге қолдау көрсетеді, ҰОС ардагерлерінің бос уақытын сапалы өткізуге жағдай жасайды, ұзақ өмір сүруге көмектеседі.

Жануарларды қорғау қорлары

KARE-Забота (KARE) қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды жүргізетін жануарларды қорғау жөніндегі алғашқы ресми ұйым.

«Аяныш» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қоры – жануарлар құқығын қорғаушылардың ерікті қоғамдық бірлестігі. Қор жануарларға қатыгездік көрсеткен куәгерлерге консультациялық көмек көрсетеді, құқық қорғау органдарына тапсыру үшін өтініштер дайындайды; жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған арнайы іс-шаралар мен бұқаралық ақпарат құралдарында науқандар жүргізеді.

Денсаулық және мәдениет саласындағы әлеуметтік жобаларды қолдайтын қорлар мен ұйымдар

Болат Өтемұратов атындағы қор. Денсаулық сақтауды, білім мен мәдениетті дамытуға ықпалдаса отырып, Қазақстанға бүгін және болашақта адамдар өмір сүруі үшін жақсы мекенге айналуға көмектесуді мақсат етеді. 

«Ақ жол – М» қоғамдық қорының қызметі – оңалту, медициналық, әлеуметтік және медициналық-еңбек сипаттағы іс-шараларды іске асыруға бағытталған. Әлеуметтік бейімдеу және психологиялық түзету орталықтарын құруды, медициналық мекемелердің қатысуымен науқастарға медициналық көмек көрсетуді және емдеуді көздейді.

«Амазонка» онкологиялық науқастарды қолдау қоғамдық қоры онкологиялық науқастарды және басқа аурулардың терминалдық сатысындағы науқастарды қолдау үшін қайырымдылық, әлеуметтік, мәдени-ағартушылық және басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізу үшін заңды және жеке тұлғалардың күш-жігерін біріктірумен айналысады.

«Вместе против рака»  қоғамдық қорының мақсаты – Қазақстандағы онкология қызметін дамыту, онкологиялық ауруларды болдыртпау, диагностикалау және оңалту сапасын арттыруға көмектесу. 

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар