Үндістанда адамдар отырған аттракцион 15 метр биіктіктен құлады

Жарияланды
Кемінде 50 адам жарақат алды

Үндістанда адамдар отырған аттракцион 15 метр биіктіктен опырылып құлады. Оқиға салдарынан бірнеше ондаған адам зардап шекті. Олардың 16-сы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнынан түсірілген видеоны куәгерлер бөлісті. Бұл туралы Dainik Jagran агерттігі хабарлады.

Оқиға Мохали қаласындағы ойын-сауық саябағында болған. Аттракцион адамдармен бірге жерге құлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кемінде 50 адам жараланған. Олардың 16-сы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз