Қостанай облысында өрт 108 ғимаратты шарпыды

Жарияланды
Өрт аумағы 107,2 гектардан асады

Қостанай облысында өрт 108 ғимаратты шарпыды. Комиссия келтірілген шығынды есептеп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы хабарлады.

3 қырүйектен бастап өрт Озерное ауылының (сегіз тұрғын үй, бір кеңсе ғимараты), Лесное кентінің (бір тұрғын үй), Аманқарағай кентінің (98 тұрғын үй және қосалқы құрылыс) тұрғын үйлерінде тіркелді.Сонымен қатар, Аманқарағай мұнай базасының аумағында.

Мұнай базасы мен Лесное ауылындағы өрт тоқтатылды. 4 қыркүйек күні кешке Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағанлай ауылдары маңындағы төрт учаскеде, сондай-ақ орман алқабында өрт сөндірілді.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында 28 градусқа дейін жоғары температура сақталады, желдің жылдамдығы 9 м/с дейін сақталады.

Тікұшақтар өртті сөндіру үшін суды өрттен 25 шақырым жерде орналасқан табиғи су қоймасынан алады. Өртті сөндіру басталғаннан бері 93 рет су ағызу жұмыстары жүргізілді.

Озерное ауылынан (250 адам), Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) 1841 адам эвакуацияланды.
Жергілікті атқарушы органдар көшірілгендерді Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырып, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қазір 66 адам эвакуациялау пункттерінде, қалғандарының барлығы үйлеріне оралды немесе туыстарының үйіне орналастырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сенім телефоны ашылды, министрлік пен Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті психологтарының жұмысы жолға қойылды. Сенім телефонына 30 ақпараттық қоңырау түсті. Әулиекөл ауданындағы эвакуация орталығында психологтар тұрғындарға жедел психологиялық көмек көрсетуде.
Новонеженка ауылында әскери бөлім зардап шеккен халықты қабылдау үшін шатырлар тіккен.

Сондай-ақ оқыңыз