Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притон анықталды

Притондардың барлығы жеке коттедждер сияқты көрінген. Бір қарағанда басқалардың назарын аудармайтын қарапайым үй. – Іс жүзінде олай емес. Мұнда түнгі өмір қызу жүріп жатыр: өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы жауапқа тартылды, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар, аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. 57 заң бұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар