Қазақстан консервіленген өнімдерді экспорттау үшін ГОСТ-тар әзірлейді

Жарияланды

Тамақ өнеркәсібі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) маңызды саласы болып табылады.

Өнімнің жаңа түрлерінің арқасында консервіленген өнімдерді өндірушілер өз өнімдерін Достастық елдеріне экспорттай алады.

Бүгінгі күні Қазақстанның өзінде консервіленген өнімдерді өндірушілер саны 30-дан асады.

Солардың ішінде: «Кублей» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС, «Первомайск Сауда-Өндірістік Компаниясы» ЖШС, «GNG produkction» ЖШС, «Раумэна» ЖШС және басқалар. 

ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт қазіргі уақытта консервіленген өнімдердің мынадай түрлеріне ГОСТ жобаларын әзірлеуде:

1. ГОСТ «Ет консервілері. Қуырдақ (субөнімдерден). Техникалық шарттар»;

2. ГОСТ «Консервілер. Бұқтырылған көкөністер. Техникалық шарттар»;

3. ГОСТ «Консервілер. Салаттар. Жалпы техникалық шарттар».

Осы ГОСТ жобаларын әзірлеу, бірінші кезекте, Кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажет.

Бұдан басқа, ГОСТ жобаларында Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің ұлттық стандарттарының талаптары ескерілді, нормативтік сілтемелер өзектендірілді, техникалық талаптар кеңейтілді және нақтыланды.

Жалпы, ГОСТ әзірлеу процесі кем дегенде 2 жылды қамтиды. Әзірлеудің бірінші жылында ГОСТ жобалары мемлекетішілік келісу кезеңінен өтеді, содан кейін ГОСТ жобалары ЕАЭО елдерінің қарауына жіберіледі.

Ұсынылған редакциямен келіскен жағдайда мүдделі елдер стандарттарды қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыз