«Көктөбеге»қасақана өрт қойған азаматты полиция іздестіріп жатыр

Жарияланды

Алматы қаласы ПД Бостандық ауданы Полиция басқармасының мәліметінше, видеоға түсірілген жер анықталған. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Бүгінде полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады.

Еске алайық, Алматыда Көктөбеде тау бөктерінде өрт шыққан болатын. ТЖД мәліметінше, жедел шаралардың арқасында 20:22-де өрт толық оқшауланған. Өрт толығымен 20:35-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 19 бірлік өрт сөндіру техникасы мен суару техникасы және 130 адам жұмылдырылған. 

Сондай-ақ оқыңыз