Өрт кезінде зардап шеккендердің құжаттары тегін жөнделеді

ХҚО-ларда өрт кезінде зардап шеккендердің құжаттарын тегін қалпына келтіретін болады
Қостанай облысында құжаттары жоғалған немесе өрт кезінде жойылған азаматтарды екі мобильді ХҚО қабылдап жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұл шешімді қабылдай отырып, апаттан зардап шеккен халықтың жағдайын басты назарға алды.
Өрт кесірінен баспанасынан айырылған адамдар жылжымайтын мүлік желісі бойынша құжаттарды тегін қалпына келтіре алады. Мұның қатарына:
 Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін беру;
 Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының көшірмесін беру;
 Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру.
Одан бөлек, азаматтарда заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша құжаттарды тегін қалпына келтіру мүмкіндігі болады. Оның қатарына:
 Коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалы мен өкілдігін қайта тіркеу;
 Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалы мен өкілдігі жарғысының көшірмесін беру.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мобильді ХҚО-лар Әулиекөл ауданында (Әулиекөл ауылы, Ш. Жәнібек батыр к-сі, 32) және Қарасу ауданында (Қарасу ауылы, Комсомольская к-сі, 24) орналасты.
ХҚО қызметкерлері зардап шеккендерді кезексіз және түскі үзіліссіз қабылдайтын болады.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысындағы орман алқабын өрт орады, апат жақын маңдағы ауылдарға да жетті. 100-ден астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды, өрттің болжамды ауданы – 43 мың гектар.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар