ХҚО-ларда өрт кезінде зардап шеккендердің құжаттарын тегін қалпына келтіретін болады
Қостанай облысында құжаттары жоғалған немесе өрт кезінде жойылған азаматтарды екі мобильді ХҚО қабылдап жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұл шешімді қабылдай отырып, апаттан зардап шеккен халықтың жағдайын басты назарға алды.
Өрт кесірінен баспанасынан айырылған адамдар жылжымайтын мүлік желісі бойынша құжаттарды тегін қалпына келтіре алады. Мұның қатарына:
Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін беру;
Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының көшірмесін беру;
Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру.
Одан бөлек, азаматтарда заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша құжаттарды тегін қалпына келтіру мүмкіндігі болады. Оның қатарына:
Коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалы мен өкілдігін қайта тіркеу;
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалы мен өкілдігі жарғысының көшірмесін беру.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мобильді ХҚО-лар Әулиекөл ауданында (Әулиекөл ауылы, Ш. Жәнібек батыр к-сі, 32) және Қарасу ауданында (Қарасу ауылы, Комсомольская к-сі, 24) орналасты.
ХҚО қызметкерлері зардап шеккендерді кезексіз және түскі үзіліссіз қабылдайтын болады.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысындағы орман алқабын өрт орады, апат жақын маңдағы ауылдарға да жетті. 100-ден астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды, өрттің болжамды ауданы – 43 мың гектар.
Өрт кезінде зардап шеккендердің құжаттары тегін жөнделеді
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Зеленский Ақ үйде Трамппен өткен кездесудің егжей-тегжейін ашты
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Қалың малы 15 млн: Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
"Семей орманындағы" өрт толығымен сөндірілді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Павлодарда әйелдің басына мұз кесегі түсіп, қылмыстық іс қозғалды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Ыстық, шаңды дауыл және найзағай: 29 шілдеге ауа райы болжамы
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Дастан Сәтбаев "Челсидегі" алғашқы голын соқты (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Павлодарда әйелдің үстіне мұз кесегі құлады: кінәлі 12 жасар қыз болып шықты
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Орал орманы өртеніп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Хаби Алонсо Дастан Сәтбаевтың болашағы туралы сөз қозғады (Видео)
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
«Нұрай бірінші мені пышақтады»: айыпталушы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Ақмола облысында жүк көлігі апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
-
Оқу уақыты ~ 9 мин.
Dolce & Gabbana бейнесі: Килиан Мбаппе сүйіктісін көрсетті