«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер Күні, Алғыс айту күні және басқа да жоғары қоғамдық маңызы бар даталар сияқты атаулы күндерге ұқсатып, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылады», – делінген әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова қол қойған қорытындыда.
Сонымен қатар, депутаттар Ұлттық құрылтай отырысында Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілейтін және 16 желтоқсанды – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілейтін түзетулер енгізді.
Ақпарат Атамекен бизнес телеграм арнасынан алынды