2022 жылғы президенттік сайлауға қанша ақша жұмсалады ?

Үкімет резервінен 20 млрд теңге бөлінеді

Үкімет резервінен 20 миллиард теңгеге жуық қаржы елімізде кезектен тыс президент сайлауын ұйымдастыруға жұмсалады. Бұл туралы 8 қыркүйекте журналистерге Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева хабарлады.

Ол келесі президенттік сайлау 2024 жылға жоспарланғанын және оны қаржыландыру 2024 жылға арналған бюджетке енгізілгенін еске салды.

«Бірақ енгізілген өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл үкімет резервінен ақша бөлінеді. Қазір ОСК есеп-қисап жүргізіп жатыр. Бұл шамамен 20 миллиард теңге», – деді ол.

Оның айтуынша, президенттік сайлауға кететін шығындардың артуы ең төменгі жалақының өсуімен байланысты. Аумақтық сайлау комиссияларының барлық шығыстарының 90%-ға жуығын оның мүшелерінің жалақысы құрайды.

«Соңғы сайлауға 65 мың адам қатысты. Биыл олардың саны 70 мыңнан асады.Олардың жалақысы ең төменгі жалақыны ескере отырып есептеледі. Біз 2019 жылы сайлау өткізгенде 42 500, биыл 60 000 болды», – деді Савельева.

Қаржы вице-министрі 2023 жылы өтетін парламенттік сайлауға шамамен осыншама шығын қарастырылғанын, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеге дейін ұлғаюын ескере отырып, сайлауға жұмсалатын шығындардың жалпы көлемін болжап отырғанын айтты. Келесі жылы 25 млрд.

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауды 2022 жылдың күзінде өткізуді ұсынды. Ол сондай-ақ президенттің мандатын жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар