Сиыр саны артқанымен, сүт өнімдері азайған

Сүт өнімдері бір жылда 25% қымбаттады

Биылғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, елімізде 4,6 млн сиыр бар, бұл былтырғыдан 5,9% көп. Ең көп сиыр Түркістан облысында тіркелді: 609,4 мың бас, жылдық өсім 10,7%. Одан кейін Абай (393,9 мың бас, 4,5% өсім) және Батыс Қазақстан (388,9 мың бас, 11,5% өсім) облыстары келеді.

Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, ҚР шаруашылықтары 3,8 млн тонна сүт алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% артық. Ең көп сүт алған өңір Түркістан облысы: 492 мың тонна. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары: сәйкесінше 382,6 мың және 336,2 мың тонна. Жеті айдың қорытындысы бойынша, сүт өнімдерінің өндірісі құндық мәнде 259 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан 8,4% аз.

Нақты мәнде сүт өнімдерінің ішінде шұбат бірден 49,2%, 1,6 мың тоннаға дейін, сары май және сүтті спредтер (паста) 12,6%, 13,9 мың тоннаға дейін, өңделген сұйық сүт және кілегей өндірісі 9,8%, 324,4 мың тоннаға дейін, балмұздақ 4,4%, 25,5 мың тоннаға дейін, йогурттар 1,8%, 134,8 мың тоннаға дейін төмендеді. Қымыз өндірісі 18,9%, 900 тоннаға, қатты күйдегі сүт 10,5%, 4,6 мың тоннаға, ірімшік және сүзбе, тонна 0,8%, 21,3 мың тоннаға дейін өсті.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілер сүт өнімдеріне сұранысты 85% қамтамасыз етіп, импорттаушыларға нарықтың 15%-ын қалдырды. Оның ішінде өңделген сұйық сүт және кілегей сұранысты отандық өндіріс бірден 95,9%-ға, ірімшік пен сүзбеге — 53,7%-ға, қойылтылған сүт және кілегейге — 40,6%-ға, қатты түрдегі сүтке — 23,2%-ға жауып отыр. Балмұздаққа деген сұраныстың да 78,4%-ын, йогурт, ұйытылған сүт және кілегейге деген сұраныстың 84,4%-ын жергілікті кәсіпорындар жауып отыр.

  Қазақстанда ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қыруар істер атқарылуда: мал басы көбейіп, жем-шөп базасы қалыптасып жатыр, бірақ ел әлі күнге дейін өзін сүт өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. Жаңа фермалар санының ұлғаюы республикадағы сүт өңдеу кәсіпорындарының қолда бар қуатын әлі қанағаттандыра алмайды.

Биылғы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша, сүт өнімдерінің құны бір жылда 24,6% қымбаттады. Оның ішінде ішетін сүт 24,6%, консервілеріленген сүт 28,9%, қышқыл сүтөнімдері 26,4% қымбаттады. Ашыған сүт өнімдерінің ішінде йогурт 33,5%, майлылығы 2,5% айран 17,1%, қаймақ 30,4%, майлылығы 5%–9% сүзбе 10,8%, қатты ірімшік 29% қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның жылдық өсуін ең көп Маңғыстау облысының (бір жылда 34,8%), Шымкент қаласының (28,6%) және Түркістан облысының (27,6%) тұрғындары сезінді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері сотталды
Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылуда.