Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері сотталды

Жарияланды
Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылуда.

Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді.

Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

А. Ізбасарды Агенттіктің Жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелегенін атап өту керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы, оның ішінде өз қатарларында ымырасыз күрес жүргізеді.

Егер сіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге, сондай-ақ Агенттік мәртебесін алаяқтық мақсаттарда пайдаланатын тұлғаларға тап болсаңыз, хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ақпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телеграм арнасынан алынды

Сондай-ақ оқыңыз