Балаларыңыз дұрыс тамақтанып жүр ме ?

Жарияланды
ЮНИСЕФ және «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» РҚБ Қазақстанның үш өңірінде мектептегі тамақтануды бағалау бойынша зерттеу жүргізуде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, дұрыс тамақтанбау семіздік, қант диабеті, жүрек ауруы және қатерлі ісік сияқты созылмалы аурулардың 60 пайыздан астамын тудырады. Аурудың себептері ретінде тамақтану факторлары отырықшы өмір салтынан, темекі шегуден және алкогольді ішуден асып түседі.

Қазақ тағамтану академиясының деректері бойынша 1995-2014 жылдар аралығында, 20 жыл ішінде, 5 жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақ пен семіздіктің таралуы 9%-дан 13,4%-ға дейін өсті. 2014 жылы 5 жастан 9 жасқа дейінгі балалар арасында бұл көрсеткіш 2020 жылға қарай 20,6%-ға дейін өсуді көрсете отырып, 17,6%-ды құрады. Тамақтануды жақсарту және балалар арасындағы тамақтанудың бұзылуымен күресу біздің елімізде басымды бірі болуы тиіс.

Қазіргі таңда мемлекет барлық оқушыларды тегін мектеп тағамымен қамтамасыз ету бойынша реформаларды әзірлеп, оны іске асыру жөніндегі бастамаларға қолдау көрсетіп отыр.  Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы барлық 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, мектептегі дұрыс тамақтану ғылыми негізделген болуы керек, балалардың үйлесімді дамуы үшін қажетті компоненттерді қамтамасыз етуі керек, семіздіктің ғана емес, ақуыз, йод, темір және қоректік жетіспеушіліктің басқа түрлерінің алдын алумыз керек.  

Осыған байланысты БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда мектептегі тамақтануды бағалау бойынша зерттеу ұйымдастырады. Аталған зерттеуді «Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы» РҚБ ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап желтоқсан айына дейінгі аралықта Алматы қаласы, Ақтөбе және Жетісу облыстарының мектептерінде жүргізеді, ал бұл зерттеу мектепте тамақтандыру жүйесі, оның базалық сипаттамалары туралы, сондай-ақ мектепте тамақтандыру тәжірибесінің күшті және әлсіз жақтары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.  

«Бала аман Ел аман: денсаулық ерте жастан қалыптасады және дұрыс тамақтану әдеттеріне тығыз байланысты болады. Мектеп – бұл салауатты мінезқұлықтың, атап айтқанда пайдалы тағамдарды саналы түрде таңдау және зиянды заттардан бас тартудың, негізін қалайтын әмбебап орта.

Қазақстандық оқушылардың іс жүзінде қалай тамақтанатыны туралы Ұлттық салауатты тамақтану орталығы БҰҰ UNICEF балалар қорымен бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болады. Ол Қазақстан оқушыларының тамақтануын жақсарту және оларды сауықтыру жөніндегі мақсатты ісшараларды әзірлеу үшін қажетті маңызды деректерді ұсынады», –деп түсіндірді медицина профессоры, «Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы» ҚБ президенті Алмаз Шарман.

Бағалау мектептегі тамақтануды ұйымдастыру жүйесін жақсарту, мектептегі тамақтануды реттейтін стандарттар мен нормаларды үйлестіру мен өзектілендіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді. Нәтижелер сондай-ақ оқушылардың, олардың ата-аналары мен мектеп қызметкерлерінің дұрыс тамақтану және балалардың денсаулығын жақсарту мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды жетілдіруге ықпал ететін болады.    

Индикаторларды және оның тиімділік көрсеткіштерін енгізе отырып, мектептегі тамақтану практикасының кейінгі мониторингі денсаулық орта білім беру ұйымдарының күн тәртібіндегі тұрақты пункт болып табылатындығына кепілдік беруге көмектеседі.   

«Тамақтану балалардың денсаулығы мен дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл балалық шақта және одан әрі ересек кезеңде денсаулықты жақсартуға, иммундық жүйені нығайтуға, жұқпалы емес аурулар мен ұзақ өмір сүру қаупін азайтуға тікелей байланысты. Дұрыс тамақтанған дені сау балалар табысты оқиды, белсенді, болашақ өнімділігі мен жақсы мүмкіндіктері үшін жағдай жасайды. Мектеп тамақтану және денсаулық сақтау саласындағы шараларды іске асыруда, салауатты өмір салтына ықпал ететін қолайлы ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқара алады. Сондықтан біз Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен ынтымақтастықтың басталуын қолдаймыз және ол әр балаға оң өзгерістер әкеледі деп үміттенеміз», – деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Артур ван Дизен.  

Сондай-ақ оқыңыз