Денсаулық сақтау саласы қалай цифрланады?

Жарияланды
Қос ведомство бірлесе жұмыс істемек

Қазір тіршіліктің цифрланбаған саласы кемде-кем. Бірақ бұл цифрлану үдерісінде толыққанды табысты жұмыс істедік дегенді білдірмейді. Цифрлану – бір бөлек, ал оның сапасы – мүлде бөлек әңгіме. Әсіресе, денсаулық сақтау саласының цифрлық жүйесі сөз болғанда кібіртіктей береміз. Қазірге дейін ұсынылған мобилді қосымшалары сәтті жұмыс істей алған жоқ. Халық тарапынан ризашылықтан гөрі реніш басым.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып пайдалы цифрлық жобаларды жүзеге асырмақ. Жақында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысының:

  • Телемедицинаны дамыту,
  • Бизнес-процестерді реинжинирингтеу,
  • Деректерді жинаудың заманауи технологияларын енгізу,
  • Медициналық бейнелерді сақтауды орталықтандыру
  • Жасанды интеллекті енгізу

жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселесін талқылады.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында екі жыл ішінде Қазақстанның 650 ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Президент шалғай аудандардың тұрғындары білікті медициналық көмекке қол жеткізе алуы үшін телемедицинаны дамыту мәселесін басты назарға алуды тапсырған болатын. Ажар Ғиниятпен кездесу барысында телемедицинаның толық функционалын көрсетуге бағытталған пилоттық аймақтарды анықтаймыз деп уағдаластық. Біз бірнеше фельдшерлік-акушерлік пунктерді пациенттердің деректерін тікелей облыстық ауруханаға ұсынатындай етіп жабдықтаймыз. Дәрігерлер осы арқылы пациентке көмек көрсету туралы шешімді тез арада қабылдай алады. Осы ретте, Денсаулық сақтау министрлігі онлайн-қызмет көрсетуді ынталандыру үшін бірқатар құжаттарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді», деді министр.

Оның айтуынша, соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллектті енгізу мәселесі күннен-күнге өзекті тақырыпқа айналып келе жатыр. Бұл ретте Бағдат Мусин жасанды интеллектті сертификаттау  бойынша процестерді белгілі бір аурулармен күресуге көмектесетін құрал ретінде бастау керек деген пікір білдіреді.

«Бірақ бұл үшін алдымен ақпараттың бірыңғай дерекқорын, медициналық бейнелерді сақтау жүйесін құру керек, өйткені әзірге бұл жүйе тиянақталмаған. Жасанды интеллекттің жұмыс принципі – үнемі жетіле түсуінде, яғни ол неғұрлым көп мәліметтер алса, соғұрлым нәтижеге бейімделетін болады. Денсаулық сақтау саласын толық цифрландыруға тоқталатын болсақ, онда медициналық ұйымдарды қағазбастылықтан арылту жұмыстарын жеделдету керекпіз. Біз медициналық мекемелердегі құжат айналымын түрлі қажетсіз формалардан арылту және деректерді қалыптастыру жұмыстарын өзектендіру бойынша бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық.  Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері басқа мемлекеттік органдардың, мысалы, Прокуратураның, Еңбек министрлігінің, Әділет министрлігінің және тағы да басқа ведомстволардың ақпраттық жүйелерімен интеграциялануы тиіс. Біз Цифрлық министрлік ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің бастамаларын қолдауға дайынбыз. Денсаулық сақтау бағыты цифрландыру тұрғысынан алғанда ең озық салалардың бірі болуы тиіс», деп атап өтті Бағдат Мусин.

Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық шешімдерді жедел әрі сапалы түрде жүзеге асыруға мүдделі. Қазір бұл ведомствоның күн тәртібінде мына мәселелер өте өзекті саналады.

Атап айтсақ:

  • Пилоттық ұйымдарда деректерді жинау мен талдаудың және процестерді басқарудың жаңа технологияларын енгізу,
  • Медициналық бейнелердің орталықтандырылған қоймасын құру,
  • Медициналық ұйымдарда толық қағазсыз құжат айналымына толыққанды көшу мәселелері.

Әсіресе, үшінші бағыт – медициналық ұйымдарда толық қағазсыз құжат айналымына толыққанды көшу мәселесі қос тарап – қызмет көрсетуші үшін де, ем алушы үшін де тиімді. Бұл клиникалық хаттамаларды цифрлауды, қажетсіз нысандар мен талаптардан арылуды көздейді. Кездесуде сондай-ақ медицинадағы коммуникация арналарын кеңейту тақырыбы көтерілді, бұл телемедицинаны және денсаулықты қашықтықтан мониторингілеуді кеңінен енгізу.

Сондай-ақ қос ведомство басшылары дәрі-дәрмек айналымы, медициналық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында автоматтандырылған мемлекеттік бақылау құралдарын енгізу аспектілерін талқылады. Тараптар Республикалық электрондық

Сондай-ақ оқыңыз