«Біз тек сұлулықты емес, сондай-ақ білімдарлықты да бағалаймыз»

Жарияланды
«Miss Qazaqstan 2022» сұлулық байқауының 26-шы маусымы басталды

Ауқымды финалдық шоу, жұлдызды қазылар алқасының әділ таңдауы, әлеуметтік проблемаларды шешуге мен қайырымдылықты белсенді дамытуға және өзін әлемдік аренада танытуға таптырмас мүмкіндік беруге бағытталған жобаның толық жаңартылған тұжырымдамасы – биылғы сұлулық байқауында аруларды не күтіп тұрғанын айтамыз.

Еліміздің басты мәдени байқауына 17-25 жас аралығындағы, бойы 165-185 см шеңберіндегі, тек сұлулығымен көзге түсіп қана қоймай, шешендік өнері басым, білімдарлығы жоғары арулар қатыса алады.  Қазақ және ағылшын тілін жетік білу финалиске қызық әрі ерекше жарыс жолында жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндігін баса айту керек.

«Miss Qazaqstan» байқауы – халқымыздың мәдени және этникалық негіздерін сақтау, насихаттау және мәдени мұраны дәріптеу. Сонымен қатар, байқау сұлулардың сырт келбетін ашып қана қоймай, олардың рухани сұлулығын танытуға және қазіргі жастардың бір-біріне және өз тарихына деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетіп, тәрбиелеуге тырысады.

«Мен үшін тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлттық деңгейдегі байқауды басқару үлкен мәртебе. Ширек ғасырда Ұлттық сұлулық байқауы жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұл тек сұлулық пен жастық шақ байқауы болса, бүгінде «Miss Qazaqstan» өзін өзін белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымы бар жастар қауымдастығы ретінде таныта білді», –

дейді байқаудың президенті Айдай Исаева.

Жоба ұраны «Сұлулық мейірімділікте!» деп аталуы да бекер емес. Әр финалист өз титулын дәлелдеп, ізгі ниет елшісі ретінде қайырымдылық акцияларына қатысып, қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созып, кейінгі буынға өнеге көрсетеді.

Ширек ғасырдан бері 26 жылдығына орай байқау жаңа тақырып – Reincarnation-New Era ұсынады. Бұл 2022 жылы біздің әрқайсымыз жеке өзгерістерден аман өтіп, қоғамдық көңіл-күйді символдық түрде бейнелеп, реинкарнациямен, жаңа және шабыттандыратын кезеңнің басталуымен байланысты.

Байқауды ұйымдастырушылардың сөзінше, кейінгі бірнеше жылда планета көптеген күйзеліс пен табиғи апаттарды бастан кешіп жатыр. Енді ол жаңару және еркіндік жолында екеніне сенгіміз келеді. Байқаудың жаңа тақырыбы қаңтар оқиғасынан кейін белсенді дами бастаған және еліміздің жақсы тұсқа ойысуымен байланысты Жаңа Қазақстан идеологиясымен байланысты.

Ел бойынша кастинг 15 қыркүйекке дейін өтеді, ал қарашаның алғашқы екі аптасында қатысушылардың бәрі қонақүйде бірге тұрып, басты шараға – «Miss Qazaqstan 2022» байқауының финалына дайындық жүргізеді. Ауқымды шара 18 қарашада Алматыдағы Республика Сарайында өтеді.

Бас жүлде – бес миллион теңге және халықаралық деңгейдегі байқауларда қатысу мүмкіндігінен бөлек, қатысушылар «Тұран» университетінде оқу грантын және байқаудың эксклюзив мерчі мен бьюти-бокстар алады.

Байқаудың ұйымдастыру мүшелерінің, арт-команда мен қазылар алқасының, оның ішінде, шетелдік жұлдыздардың және жергілікті селебритидің болуы байқау қатысушыларына адал іріктеуге және қорытынды шығарудағы абсолюттік ашықтыққа кепілдік береді.

Жаңа жұлдызды қазылар алқасының құрамында:

  • Америкалық гауһар тас магнаты және зергерлік бұйымдар мен сағаттар дизайнері Джейкоб Арабо;
  • Дүние жүзіне танымал шведтік саяхатшы Йохан Нильсон;
  • Украиналық әнші Светлана Лобода;
  • «Miss Qazaqstan» Ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева.
  • «Нұрлан Қоянбаев» Президент Телерадиокешенінің креатив директоры

Жаңа тұлғалар «Miss Qazaqstan» байқауына екінші дем беріп, ұтқыр идеяларымен қуантпақ.

Биыл Қазақстан аруы атанатын қыз «Әлем Аруы», «Ғалам Аруы» және «Жер Аруы» байқауына қатысып, өз елінің намысын қорғайтын өзге арулармен жарыс жолына шығады.

«Жаһандық өзгерістердің біздің байқауымызға да әсері болды. Жан-жағымызды зерделеп, айналамызды не болып жатқанын бақылап, қалай әсер ете алатынымызды бақылауға тырысамыз. Байқауға қатысушыларда тек сыртқы келбеті емес, сонымен қатар, интеллектуалдық тапқырлық, көпшілік алдында сөйлей білу және шешендік өнерді меңгеруі де маңызды. Әлемдік аренада бізді тек финалист қатысушылар деп емес, сонымен қатар, лайық бәсекелес ретінде қарастырса дейміз», – дейді байқаудың кастинг-директоры Гүлжан Давлетова.

Сонымен қатар, Гүлжан байқаудың адамдарға жеткізгісі келетін басты ойы сұлулық – қыздарды қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға, өзін-өзі дамытуға, ішкі әлеуетін дамытуға және ешқандай жағдайда өзіне күмәнданбауға ынталандыруға көмектесетінін атап өтті. «Miss Qazaqstan» байқауының арқасында әрбір ару өзіне, өз мүмкіндігіне сеніп, әлемді жақсы бағытта өзгерте алады.

Ақпарат Miss Qazaqstan жобасының PR-директор Камшат Әкімқожақызынан алынды

Сондай-ақ оқыңыз