SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SMS-хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты. Енді клиенттер қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға екінші рет бармайтын болады.

Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.

Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.

«Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ға келіп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжатты алар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Біздің жаңа сервисіміз ХҚО-ға екінші рет бару қажетін жоққа шығарады. Бұл қалай десеңіздер, клиентке сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады. Бұл жүйе клиенттердің уақытын едәуір үнемдейтіні сөзсіз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Дыбыспаев.

Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтердің толық тізімімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында танысуға болады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Еңбекке қабілетті жандардың бәрі жаппай оқитын болады
Әлеуметтік кодексте қазақстандықтарды жаппай оқыту үшін негіздер көзделеді Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде азаматтарды жаппай оқыту және білім беру сапасын жақсарту үшін негіздер қалыптастырылып, ол заңнамалық деңгейде бекітілетін болады.
Еңбекке қабілетті жандардың бәрі жаппай оқитын болады