Тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды

Жарияланды
Сенгіш әйел оған 75 мың теңге берген

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген 31 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Қаскүнем жәбірленушінің сеніміне кіріп, оны мемлекеттік тұрғын үй алу кезегін жылжытуда қызмет көрсетуге көмектесетін ықпалды туыстары бар екеніне сендіргені анықталды. Сенгіш әйел оған 75 мың теңге берген.

  Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

   Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Бағалы заттарды немесе ақшаны бергенде қайталап тексеріп, сақтық таныту қажет.

Ақпарат Нұр-Сұлтан қ.ПД Баспасөз қызметінен алынды

Сондай-ақ оқыңыз