Борышкер болмаңыз-айыппұл төлеңіз

Жарияланды
"Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы

Шығыс Қазақстан облысында  14-16 қыркүйегі аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы  жоспарланған.

Осы іс-шара аясында жолдарда прокуратура, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% – ын қысқартылған өндіріс тәртібінде төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Осы құқық пайдаланылмаған жағдайда толық соманы ерікті түрде, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндік бар.

Айыппұл төленбеген жағдайда жоғарыда көрсетілген мерзімде әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік не жеке сот орындаушыларына жолданады.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол бермеуді және әрі қарай айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынады.

Ақпарат ШҚО ПД баспасөз қызметінен алынды

Сондай-ақ оқыңыз