ҚХР-мен тауар айналымы 13,5 млрд. АҚШ доллар құрады

Мемлекеттік кірістер комитетінде 2022 жылдың 7 айына Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен өзара сауда айналымына шолу дайындады.
2022 жылдың 7 айында Қытай Қазақстан Республикасымен саудада
1-орында (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда). Сыртқы тауар айналымындағы Қытайдың үлесі 22,6 %-ды құрайды.
Тауар айналымының көлемі 13,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3 %-ға артық, өткен жылы ол
9,7 млрд. АҚШ долларын құраған.
Тауар айналымының көлемі тауарлар экспортының 52 %-ға өсуі есебінен ұлғайды.
Қазақстанның Қытайға экспорты осы жылдың 7 айында 8 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 52 %-ға өсті. Мысалы, өткен жылдың 7 айында экспорт 5,3 млрд. АҚШ долларын құраған.
Экспорттың негізгі өсуі минералдық өнімдердің 84,2 %-ға ұлғаюы есебінен байқалады (2022 жылдың 7 айында – 5,1 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 2,8 млрд. АҚШ доллары), соның ішінде отын-энергетикалық тауарлар экспорты 2,2 есеге артты (2022 жылдың 7 айында – 3,2 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 1,5 млрд. АҚШ доллары).
Қазақстанның Қытайдан импорты 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,6 %-ға өсті. Өткен жылдың 7 айында импорт 4,5 млрд. АҚШ доллар құрады.
Импорттың негізгі өсуі келесі тауар топтары бойынша байқалады:
– машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар 19,4%-ға (2022 жылдың 7 айында – 3,1 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 2,6 млрд. АҚШ доллары);
– химия өнеркәсібінің өнімі 64,7 %-ға (2022 жылдың 7 айында – 821,1 млн. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 498,4 млн. АҚШ доллары);
– металдар және олардан жасалған бұйымдар 53 %-ға (2022 жылдың 7 айында – 501,4 млн. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 327,8 млн. АҚШ доллары).

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар