Әкесін боқтаған азамат 10 тәулікке қамалды


Павлодар облысының тұрғыны әкесін балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2772 құқық бұзушылық тіркелді. Тәртіп бұзушыларға қатысты 4482 қорғау ұйғарымы шығарылды, оларды бұзғаны үшін 342 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 530 ерекше талап қойылды, оның ішінде 464 құқық бұзушыға алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды. Алкогольді шектен тыс пайдаланатын және нашақорлар 239 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберіліп сотталды. Жергілікті атқарушы органдармен ІІО есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 53 адам жұмысқа орналастырылды.
– Мысалы, алкогольдік масаң күйде болған Ертіс ауданының тұрғыны өзінің 84 жастағы әкесін балағаттаған. Қарт адам бұған шыдамай, учаскелік полиция инспекторын шақырды. Ертіс аудандық сотының қаулысымен 52 жастағы құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 73-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған қатысты қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтынан алынды

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда