Павлодар облысының тұрғыны әкесін балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2772 құқық бұзушылық тіркелді. Тәртіп бұзушыларға қатысты 4482 қорғау ұйғарымы шығарылды, оларды бұзғаны үшін 342 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 530 ерекше талап қойылды, оның ішінде 464 құқық бұзушыға алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды. Алкогольді шектен тыс пайдаланатын және нашақорлар 239 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберіліп сотталды. Жергілікті атқарушы органдармен ІІО есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 53 адам жұмысқа орналастырылды.
– Мысалы, алкогольдік масаң күйде болған Ертіс ауданының тұрғыны өзінің 84 жастағы әкесін балағаттаған. Қарт адам бұған шыдамай, учаскелік полиция инспекторын шақырды. Ертіс аудандық сотының қаулысымен 52 жастағы құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 73-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған қатысты қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтынан алынды
Әкесін боқтаған азамат 10 тәулікке қамалды
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қостанайда млрд теңге жымқырған ұйымдасқан топқа үкім шықты
-
Оқу уақыты ~ 10 мин.
Қазақстанда сәуірден бастап не өзгереді
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Қазақша ет аңсаған әнші Лобода Threads-те қонақжай халықтың тәбетін оятты
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Қытай көліктеріне 2 жылдан кейін не болады
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Трамптың сөзінен кейін ирандықтар энергетикалық нысандарды қорғауға шықты
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Ормұз бұғазында сең қозғалды: 800 кеменің еркіндікке жолы
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Toyota артта қалады: Chery мен Geely гибрид нарығында бәсекені күшейтті
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Өрттен кейін Ақтөбеде әкімдік қызметкерлері онлайн форматта жұмыс істейді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Түрік агрохолдингі Солтүстік Қазақстанда май шығаратын зауыт салады
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Қайрат Сатыбалды қайтарған Kaisar Plaza ғимараты 61,5 млрд теңгеге өтпеді