Павлодар облысының тұрғыны әкесін балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2772 құқық бұзушылық тіркелді. Тәртіп бұзушыларға қатысты 4482 қорғау ұйғарымы шығарылды, оларды бұзғаны үшін 342 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 530 ерекше талап қойылды, оның ішінде 464 құқық бұзушыға алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды. Алкогольді шектен тыс пайдаланатын және нашақорлар 239 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберіліп сотталды. Жергілікті атқарушы органдармен ІІО есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 53 адам жұмысқа орналастырылды.
– Мысалы, алкогольдік масаң күйде болған Ертіс ауданының тұрғыны өзінің 84 жастағы әкесін балағаттаған. Қарт адам бұған шыдамай, учаскелік полиция инспекторын шақырды. Ертіс аудандық сотының қаулысымен 52 жастағы құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 73-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған қатысты қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтынан алынды
Әкесін боқтаған азамат 10 тәулікке қамалды
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Жедел жәрдем станциясының директоры бюджетті жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Қалың малы 15 млн: Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Көкшетауда аулада әйелді көлікпен басып кеткен: көлік иесі амнистияға ілінді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Павлодарда әйелдің басына мұз кесегі түсіп, қылмыстық іс қозғалды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Жапонияда 7,1 балдық жер сілкінісі болып 50 адам жарақат алды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Орал орманы өртеніп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Си Цзиньпин шетелдегі қандастарын Қытайдың қуатын арттыруға шақырды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
«Нұрай бірінші мені пышақтады»: айыпталушы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«ҚазАвтоЖол» ақылы жол тарифін басқа елдермен салыстырды. Баға өсуі мүмкін бе
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Дастан Сәтбаев "Челсидегі" алғашқы голын соқты (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Астанада өтетін «Болашақ ойындарына» 24 млрд теңге жұмсалады
-
Оқу уақыты ~ 9 мин.
Dolce & Gabbana бейнесі: Килиан Мбаппе сүйіктісін көрсетті