Алматыда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Жарияланды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысатын инвестициялық компания атын жамылған «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды.
Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызына дейін болатын, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынып, онда салымшы өзімен бірге басқа салымшыларды алып келсе, ол 5 пайыз алатыны туралы жалған шарттар жасалған.
Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.
Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланып, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне басқа тұлғалардың қатыстылығы анықталуда.
Осыған байланысты ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.
Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз «Qozgan Inc.» қызметінен зардап шексе, ҚМА немесе аумақтық департаменттердің сенім телефонына тәулік бойы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз