Қазақстанның үздік дәрігерлері ауыл тұрғындарын қабылдамақ

Жарияланды
Сөйтіп, жергілікті тұрғындарда облыстық немесе республикалық орталықтарға бармай, шетелден білім алған біліктілігі жоғары дәрігерлерге қаралудың керемет мүмкіндігі туындап отыр

17 қыркүйек күні үздік медицина мамандары – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Жетісу облысы Басши ауылының тұрғындарын қабылдамақ.

Көшпелі кеңес беру – «Болашақ» стипендиясы түлектері қауымдастығының «QazaqGeography» РҚҰ-мен бірге ұйымдастырған әлеуметтік бағдарламасының бір бөлігі.

ҚР Президенті Істері басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасының І категориялы нейрохирург дәрігері Марат Саршаев, Алматы қаласы қалалық кардиологиялық орталығы, кардиолог-аритмолог Ғани Төлепберген, ҚР ДМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Кардиохирургия және интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі, кардиохирург Гүлжан Сарсенбаева, А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒО Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, кардиохирург Бауыржан Ракишев, Алматы қаласы 5-қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер эндокринологы Гаухар Қасенова тұрғындарды қабылдайды.

Сағат 11:00 – 14:00 аралығында Мәметова 2 мекенжайы бойынша орналасқан Басши ауылының амбулаториясында пациенттерді қабылдау жүргізіледі.

Басши ауылына дәрігерлермен бірге профориентологтар мен бизнес кеңесшілер келеді. Олар оқушыларға арналған мотивациялық дәрістер мен үгіт-насихат сабақтарын өткізеді, сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға туризмді саласы бойынша бизнесті дамыту тақырыбы бойынша кеңес береді.

Сағат 11:00 – 14:00 аралығында Райымбек батыр атындағы мектепте оқушыларға арналған дәрістер мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Беделді шетел жоғары оқу орындарының түлектері – инженер-мұнайшы Бекжан Кенжебеков, киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйелер жөніндегі инженер Ержан Ерболатұлы спикер ретінде сөз сөйлейді.

Сол мектепте осы іс-шаралармен бірге жергілікті бизнес қауымдастығының өкілдері мен туризм саласында кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер бас қоспақ. QazaqGeography өкілдері олар үшін дәріс өткізеді, болашақта олар туралы визит орталығында және онлайн сатылым арналарында ақпаратты орналастыру мүмкіндігін айтып береді. Барлық тілек білдірушілер жүзеге асыруға әзір туристік өнімін құру жөнінде толық нұсқау алады

Сондай-ақ оқыңыз