«STOP-трафик»: жеті «түнгі көбелек» есепке алынды

Жарияланды

Шығыс Қазақстанда адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікке мәжбүрлеу, құлдықты ұйымдастыру сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әшкерелеуге бағытталған «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Акция аясында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері облыс бойынша 630-дан астам шаруа қожалығын заңсыз еңбек пайдалануды анықтау және бас бостандығынан айыру бойынша тексерді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде полиция қызметкерлері қандай да бір еңбек шартын жасамай-ақ адамдарды жұмысқа жіберудің сегіз фактісін анықтады. Оның ішінде Тарбағатай ауданында 4, Зайсан ауданында 2 және Ұлан ауданында 2 жағдай тіркелген.
Сонымен қатар, құқықтық тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін тоғыз азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Өткізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша құжаттарсыз «жеңіл жүрісті » жеті әйел ұсталды. Қазіргі уақытта тәртіп бұзушылар есепке алынды.
Өз кезегінде, ШҚО ПД сіз адам саудасына байланысты қылмыстың куәгері немесе құрбаны болсаңыз немесе қандай да бір ақпаратты білсеңіз,полицияға жүгіну керек екендігін ескертеді.
Ақпарат ШҚО ПД Баспасөз қызметінен алынды

Сондай-ақ оқыңыз