Мемлекеттік органдар мен Дүниежүзілік Банк стратегиялық жобаларды қарады

Бүгін елордада ҚР Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік Банк басқарушысы Әлібек Қуантыров ДБ-ның Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова және ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті.

Іс-шараға басқа да орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің 2020-2025 жылдарға арналған Әріптестік туралы негіздемелік стратегиясы шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан дайындалып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған басым жобалар талқыланды.

Атап айтқанда, инклюзивті экономикалық даму, әлеуметтік және индустриялық нысандарды салу, энергия тиімділігін арттыру, Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобалары, сондай-ақ ел дамуының басқа да негізгі стратегиялық бағыттары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша, тараптар кейбір жобаларды қосымша пысықтау қажеттілігін атап өтті. Содан кейін олар ҚР Премьер-Министрі бастаған Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің қарауына шығарылатын болады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз