«С11» санатындағы виза қандай жағдайларда беріледі?

Жарияланды

«С11» визасы ата-анасы  Қазақстан азаматтары болып табылатын, он сегіз жасқа толмаған балаларға беріледі. Егер ата-анасының біреуі  Қазақстан азаматы болса   «С11″визасын алуға  жеткілікті . Виза шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ балалар үшін маңызды.

Визаны ПД Көші-қон қызметі басқармасы береді. Өтінішті ата-аналар береді, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

«С11 «бір жолғы  визасы 1 жылға дейінгі мерзімге, көп реттік  визасы 3 жылға дейін беріледі. Республика аумағында визаның жарамдық мерзімінің барлық кезеңінде келуге мүмкіндік  бар деп жалғастырды Ринат Шкибаев.

Ақпарат ШҚО ПД Баспасөз қызметінен алынды.

Сондай-ақ оқыңыз