«С11» визасы ата-анасы Қазақстан азаматтары болып табылатын, он сегіз жасқа толмаған балаларға беріледі. Егер ата-анасының біреуі Қазақстан азаматы болса «С11″визасын алуға жеткілікті . Виза шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ балалар үшін маңызды.
Визаны ПД Көші-қон қызметі басқармасы береді. Өтінішті ата-аналар береді, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
«С11 «бір жолғы визасы 1 жылға дейінгі мерзімге, көп реттік визасы 3 жылға дейін беріледі. Республика аумағында визаның жарамдық мерзімінің барлық кезеңінде келуге мүмкіндік бар деп жалғастырды Ринат Шкибаев.
Ақпарат ШҚО ПД Баспасөз қызметінен алынды.