Алматыда саяси партиялар құру тәртібі туралы айтылды

саяси партияны құру тәртібі «Саяси партиялар туралы» Заңмен реттеледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Ақерке Қожахметованың қатысуымен брифинг өтті. Спикер саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету, заңнамаға ұсынылған түзетулер туралы айтып берді. 

Оның айтуынша, саяси партияны құру тәртібі «Саяси партиялар туралы» Заңмен реттеледі. Ол 2022 жылғы 16 наурыздағы Президенттік саяси реформалар бағдарламасына сәйкес партияларды тіркеу рәсімін оңайлату көзделгенін еске салды. Бастамаларды заңнамалық бекітудің болжамды мерзімі – 2022 жылғы желтоқсан. «Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес (болжамды оңайлату – саны жеті жүз адамнан кем емес), саяси партияның Құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады», – деп хабарлады Ақерке Қожахметова. 

Алматы қаласы Әділет департаментінің спикері келтірген «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-бабының кейбір үзінділерін келтіреміз: Азаматтар саяси партияның Құрылтай съезіне (конференциясына) жеке өзі қатысады. Саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) дайындау және өткізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамашыл тобы мүшелерінің қатарынан құрамында кемінде он адам болатын Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті Әділет Министірлігіне Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, саяси партия құру ниеті туралы хабарлама ұсынуға тиіс. Әділет миністірлігі хабарламаны алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамына олардың ұсынылғанын растайтын құжатты береді.

 Ұйымдастыру комитеті тіркеуші орган растама бергеннен кейін өз қызметіне кіріседі. Бұдан әрі, растау берілген күннен бастап екі ай ішінде (болжамды оңайлату – мерзімін ұзартып үш ай ішінде), ұйымдастыру комитеті саяси партияның Құрылтай съезін (конференциясын) өткізуге тиіс. «Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанадағы  құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) әрқайсысының құрамында кемінде алты жүз партия мүшесі (болжамды оңайлату – екі жүз партия мүшесіне азайту) бар кемінде жиырма мың партия мүшесі болуы негізгі шарттардың бірі болып табылады (болжамды оңайлату – бес мың партия мүшесіне азайту)», – деді Ақерке Қожахметова. 

ӨКҚ брифингінде саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар қажет екенін хабарлады. Олар әділет Министрлігіне саяси партияның құрылтай съезі (конференциясы) өткізілген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмей ұсынылады. 

Ақерке Қожахметованың айтуынша, тіркеуші органға келесі құжаттар ұсынылады: – өтініш;- саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның жарғысы мен бағдарламасы екі данада;- саяси партия құрылтай съезінің (конференциясының) ХАТТАМАСЫ;- саяси партия мүшелерінің электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімдері;- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы құжат (14 АЕК). Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу мерзімі тіркеуге өтініш берілген күннен бастап 1 айды құрайды. Саяси партияны мемлекеттік тіркеуге құжаттар келіп түскен кезде уәкілетті мемлекеттік органдардан қорытынды алғанға дейін азаматтардың бастамашыл тобы мен саяси партия мүшелері тізімдерінің анықтығына тексеру жүргізу үшін тіркеу мерзімі үзіледі. Іс жүзінде уәкілетті мемлекеттік органдарда партия тізімін тексеру 2 айға жуық уақытты алады. 

Жоғарыда аталған адамдарды партия мүшелерінің тізімінде белгілеу, сондай-ақ мүшенің оны саяси партияға қабылдағаны туралы жазбаша ерік білдіруінің болмауы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады. Саяси партия мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты ай ішінде (болжамды оңайлату – бір жылға мерзімін ұзарту), өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуді жүргізуге міндетті. Партияны тіркеу талаптарын жеңілдету оларды құру бойынша бастамалардың артуына әкеледі, ал жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, оларды құру процесін едәуір жеңілдетеді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда