Соғыстың кесірінен Украинада 6 мыңға жуық адам қайтыс болған

Жарияланды
Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 6 мыңға жуық бейбіт тұрғын қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 8 мың 600-дей азамат жарақат алған. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы жуырда осындай мәліметпен бөлісті. Құрбандардың шамамен 2306-сы ер адам болса, 1582-сі – әйел, 379-ы – бала. Қалғандарының жынысы әлі анықталмаған. Айта кетейік, БҰҰ келтірген дерекке сай көз жұмғандар мен жарақат алғандардың көбі Донецк және Луганск облыстарында тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз