Қариялар бата беруден сайысқа түсті

Түркістан; Шардарада батагөй қариялар сайысты

Түркістан облысы, Шардара ауданының қазыналы қариялары бата беруден сайысқа түсті. Шараның басты мақсаты – дәстүрлі баталарды дәріптеу, кейінгі ұрпаққа насихаттап, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту.

Ақсақалдар ауданға қарасты барлық ауылдық октургтердің батагөй қариялары қатысқан байқаудың бірінші айналымынан сүрінбей өтіп, ақтық сынға жолдама алған.Бата сайысы екі кезең бойынша өткізіліп, қорытындысы бойынша Қыстау Ілесов ақсақал «Ең батагөй» қария атынып, бас жүлдені иемденді. I орын Болат Жамалханұлына, II орын Қонарбай Сейдалиев қарияға бұйырды. Ал III орынды Әнуарбек Нысанов ақсақал жеңіп алды.

«Батаменен ел көгерер» атты қариялар арасында бата беруден жарыс «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті.— Біздің қазақ ұлты тегінен сөз қадір біліп, оның құдіретін ұғынған. Аузы дуалы үлкен ақсақалдарға құрмет көрсету арқылы олардың батасын алуға тырысқан. Міне, бүгінгі шарамыздың мақсаты бата беру дәстүрін дәріптей отырып, ұлтымыздың қанына сіңген қасиетті өнерлерімізді жаңғырту. Бүгінгі сайысқа жиналған батагөй ақсақалдарымызға сәттілік тілеймін – деді орталық басшысы Жұмабек Қабылов.

Ақпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар