Қазақстандағы жоғарғы сұранысқа ие 10 IT мамандық

Жарияланды (жаңартылды )
Астанада "Human Capital Days" форумы өтуде.

Астанада өтіп жатқан «Human Capital Days» халықаралық форумында Ancor рекрутингтік компаниясы IT саласындағы өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

Ең жоғарғы сұранысқа ие мамандардың рейтингінде бірінші орында- әзірлеушілер (сұралғандардың 78% – ы оларға дауыс берді). Екінші орында жүйелік және бизнес-талдау (56% дауыс). Data Science көшбасшыларының үштігін 44% дауыспен аяқтайды.

Сондай-ақ рейтингте төртінші орында мобильді қосымшалар әзірлеу (44%) және бесінші орында жобаларды басқару бар.

Қалған орындарды: техникалық қолдау, QA, интернет заттары, киберқауіпсіздік және Deployment DevOps бөлісті.

IT-мамандардың жұмыс берушіні ауыстыруының негізгі себептері ретінде жалақының төмендігі, мансаптық мүмкіндіктердің болмауы және компаниядағы бюрократия айтылған.

Зерттеуге электрондық коммерция, қаржылық қызметтер, бағдарламалық жасақтама, телекоммуникация және т. б. салалардағы мамандар мен компаниялар қатысты.

Астанада 21-22 қыркүйекте Қазақстанда еңбек нарығы мәселелеріне арналған «Human Capital Days» форумы өтуде.
Форум барысында мамандар пандемия мен соғыс себептерінен трансформацияға ұшыраған еңбек нарығының мәселелерін талқылауда.

Сондай-ақ оқыңыз