Жеңілдетілген несие беріле бастады

Жарияланды
Аграрлық несие корпорациясы ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген шағын несиелерді бере бастады

Жеңілдетілген шағын несиені Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен шағын қала тұрғындары ала алады. Шағын несие тікелей несиелеу немесе несие серіктестіктері мен микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы беріледі.

Бағдарлама шарты бойынша несиенің сомасы:

– мал шаруашылығын дамытуға – 5 млн теңгеге дейін, зәкірлік кооперацияны дамытуға – 12 млн теңгеге дейін;

– басқа ауыл шаруашылығы бағыттарына – 6 млн теңгеге дейін, зәкірлік кооперацияны дамытуға – 12 млн.теңгеге дейін.

Шағын несие мерзімі – 5 жылға дейін; мал шаруашылығы саласындағы жобаларға – 7 жылға дейін. Жеңілдетілген кезең – несие мерзімінің 1/3 дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан бастап), несие серіктестіктері мен микроқаржы ұйымдары үшін жылдық 2% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық 2%-дан бастап), бұл ретте, түпкі қарыз алушыға номиналды мөлшерлеме – жылдық 6%-ға дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан бастап).

  • Ауыл кәсіпкерлері үйден шықпай-ақ 6 млн теңгеге дейінгі шағын несиеге онлайн өтінім бере алатынын айта кеткен жөн. Тек интернет болса болғаны. ЖСН арқылы фермер www.agronesie.kz платформасына кіріп, тіркеліп, несие мақсатын таңдап, кепіл берушінің мәліметтерін енгізіп, өтініш жібере аласыз. Мемлекеттік және басқа да деректер базасымен бірігу кепілді онлайн бағалауға және 10 минут ішінде несиені алдын ала мақұлдау туралы жауапты жіберуге мүмкіндік береді, – дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Төлегенов.

Соңғы бес жылда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында ауыл кәсіпкерлері корпорация арқылы жалпы сомасы 267,3 млрд теңгеге 63,5 мың қарыз алды.Шағын несие туралы толық кеңесті облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Аграрлық несие корпорациясының филиалынан алуға болады. Телефон нөмірлері www.agrocredit.kz сайтында.

Сондай-ақ оқыңыз