Зейнетақы жинақтарын мұрагерлікке алу

Жарияланды
Мұрагер мұраны алу үшін нотариусқа немесе басқа уәкілетті тұлғаға өтініш береді

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға арналған іс-қимыл алгоритмі:

 Мұрагер мұраны алу үшін нотариусқа немесе басқа уәкілетті тұлғаға өтініш береді. Өтініш мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде берілуі тиіс.

 Нотариус мұраға құқық туралы куәландыратын құжат береді.

 Мұрагер құжаттар тізбесімен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінеді. Құжаттарды пошта байланысы немесе үшінші тұлға арқылы да беруге болады. Құжаттар тізімі оларды беру әдісіне байланысты екенін ескертеміз.Толық ақпарат Қордың enpf.kz сайтындағы Қызметтер бөлімінде орналасқан.

 Зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз