Қажылыққа баратындар үшін Nusuk платформасы іске қосылды

Жарияланды
Бұл оларға Умра рәсімдерін оңай әрі ыңғайлы орындауға мүмкіндік береді

Сауд Арабиясы қажылыққа аттанатындардың сапарларын жеңілдетуге арналған Nusuk интеграцияланған цифрлық платформасын іске қосуда

 Қажылық және Умра министрлігі бүгін барлық қажылыққа аттанатындардың Мекке мен Мединаға сапарларын жоспарлауға арналған қарапайым порталды ұсынатын Сауд Арабиясының ресми интеграцияланған цифрлық Nusuk (nusuk.sa) платформасының іске қосылуы жайлы хабарлады. Бұл электронды платформа Сауд Арабиясы Корольдігіне әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандардың тәжірибесін арттыруға және Умра жасау үшін келу рәсімдерін жеңілдетуге арналған. Nusuk платформасы Vision 2030  Сауд Арабиясы стратегиясының Pilgrim Experience («Қажылық тәжірибесі») бағдарламасының бастамасы болып табылады. 

Nusuk платформасы қажылыққа келушілер үшін ақпарат пен кең ауқымды қызметтерді ұсынады, бұл оларға Умра рәсімдерін оңай әрі ыңғайлы орындауға мүмкіндік береді. Платформа сондай-ақ ұсынылатын қызметтердің сапасын арттырады және Vision 2030 Сауд Арабиясы стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде келушілердің діни және мәдени тәжірибесін байытады.

Nusuk платформасы Сауд Арабиясының туризм жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, Visit Saudi экожүйесі шеңберінде қызметтердің толық ауқымын ұсыну үшін, соның ішінде визалар, рұқсаттар, брондау процестері мен рәсімдерін жеңілдету үшін іске қосылды. Nusuk сонымен қатар Мекке мен Мединаға келетін мұсылмандардың тәжірибесін жақсарту мен байыту үшін түрлі пакеттер мен бағдарламаларды ұсынады.

Кейінгі кезеңде, қосымша қызметтердің қатарына интерактивті карталар, ұсыныстар мен іс-шаралар күнтізбесі, денсаулық сақтау саласындағы ақпарат пен қызметтер, сонымен қатар бірнеше тілде ұсынылған барлық саяси ұсынымдарға арналған цифрлық нұсқаулық кіретiн болады. Nusuk платформасы сонымен қатар қызмет жеткізушілеріне қажылыққа баратындарға өз қызметтерін электронды түрде ұсынуға мүмкіндік беру аркылы жеке секторға қолдау көрсетедi. Қажылықты жоспарлау бағдарламасының қызметтерi Nusuk платформасына ауыстырылғанға дейiн Maqam платформасында қолдау жалғасады. 

Жоғары мәртебелі Қажылық және Умра Министрі, Pilgrim Experience Program бағдарламасы жөніндегі комитетінің төрағасы доктор Тауфик әл-Рәбиа Nusuk платформасы – бұл жаңа технологияларды қолдану арқылы қажылыққа келгендерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстың одан әрі жалғастырылуы деп түсіндірді. Сонымен қатар, Nusuk бірнеше мемлекеттік мекемелермен бірлесіп рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмыстар жасап, қажылыққа келушілерге рухани сапарларын оңай әрі жайлы өткізуге мүмкіндік беретін болады.

Өз кезегінде, Жоғары Мәртебелі туризм Министрі, Сауд Арабиясының Туризм жөніндегі басқармасының Директорлар кеңесінің төрағасы Ахмед әл Хатиб Nusuk платформасының Pilgrim Experience Program бағдарламасы шеңберіндегі маңыздылығын және оның Басқарма мен Қажылық және Умра министрлігі арасындағы ынтымақтастық пен интеграция шеңберіндегі рөлін атап өтті. Бұл Vision 2030 Сауд Арабиясы стратегиясы мақсаттарына Умра процесіне жәрдем ету және барша мұсылмандарға ең жақсы қызмет көрсету арқылы қол жеткізудің негізгі қадамы.

Қосымша ақпарат алу үшін www.nusuk.sa сайтына кіріңіз.

NUSUK платформасы туралы

Сауд Арабияса алғашқы ресми интеграцияланған Nusuk цифрлық платформасы қажылыққа келгендер мен қонақтарға Мекке мен Мединаға, сондай-ақ олардан тыс жерлерге сапарларын жоспарлауға арналған қолданылуы оңай порталды ұсынады. Nusuk көмегімен әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар электронды виза алуға өтініш беруден бастап қонақ үйлер мен рейстерді брондауға дейін өз сапарын оңай ұйымдастыра алатын болады. Кейінгі кезеңде, Nusuk платформасын маңызды нысандарға баруды жоспарлау, көлік іздеу, бағдарды құру, сондай-ақ интерактивті карталарға қол жеткізу үшін пайдалануға болады.

Сондай-ақ оқыңыз