Әлемдегі ең ақылды 25 адам

Жарияланды
IQ көрсеткіші жоғары адамдар несімен ерекшеленгенін айтамыз

Ойшылдардың интеллектісі жоғары болатыны белгілі. Дегенмен IQ көтеру үшін суперқабілетті адам болып туылу керек деп ойлап қалмаңыз. Себебі дамытып отырып, үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сіздерге моитвация болсын деген ниетпен әлемдегі интеллектісі жоғары адамдар туралы қысқа-нұсқа ақпарат бере кеткенді жөн көріп отырмыз.

  1. Альберт Эйнштейн. Тұлға ретінде күллі әлемге танымал ғалым. Оған гений деген атты халықтың өзі берген. Альберт Энштейн XX ғасырдағы ғылым мен дамудың басты символы десек болады. Табиғаттағы көптеген физилалық құбылысқа арнап жалпы саны үш жүзден астам ғылыми мақала жазған. Ядролық қаруға да белсенді түрде қарсы шыққан. Оның интеллект мөлшерін дәл айту қиын. Себебі оның көзі тірісінде IQ тесттер болмаған. Дегенмен шамамен 170-190 аралығында болған болуы мүмкін деген пікір бар.
  2. Уильям Джей Сидис. 1898 жылы Нью-Йорк қаласында туған. Алты айлық кезінде-ақ «бер», «су ішем», «ұйықтаймын» деген сияқты оңай сөздерді айта алатын болған. Бір жарым жаста «Нью-Йорк таймс» газетін судыратын оқи алған екен. Сегіз жасында мектеп бағдарламасын толықтай меңгеріп, сегіз тіл үйреніп, төрт кітап жазып тастаған. 12 жасында Гарвард университетіне оқуға түскен. 16 жасында тәмамдап, Техас штатындағы университетте сабақ берген. Оның IQ-і 250 пункттен тұрған екен. 
  3. Теренс Чи Шен Тао. Бала кезінен математикаға жақын болған. 9 жасында сол бағыттағы курстарға қатысқан. 1986-1988 жылдары оны математикадан өтетін Халықаралық олимпиаданың сол кездегі ең жас қатысушысы деп таныған. 14 жасында жоғары оқу орнына түскен. 24-ке келгенде Калифорния университетінің профессоры болған. IQ көрсеткіші — 225.  
  4. Мэрилин Вос Савант. Оның интеллект көрсеткішіне қатысты түрлі ақпарат айтылады. Бір жерде 168 десе, бір жерде 228-ге бағалайды. Мамандығы — журналист әрі драматург.
  5. Кристофер Хирата. 16 жасында университет бітірген. Тәмамдаған бойда NASA-ға жұмысқа орналасқан. Ол жерде астрофизикамен және планеталарды колонизациялау мәселелерімен айналысқан. IQ деңгейі — 225. 
  6. Надежда Камукова. Интеллект анықтайтын тесттен 200 балл алған. 7 тілде еркін сөйлейді, 8 түрік диалектісін меңгерген. Профессор, Түркия университеттерінің бірінде дәріс оқиды.
  7. Джейкоб Барнетт. Бала кезінде аутизмнің ауыр түріне шалдыққан деген диагнозы болған. Десе де 18 жаста тест тапсырғанда IQ шкаласы 170 пунктке жеткен. Докторлық диссертация қорғаған.
  8. Никола Польяк. Хорватиялық физик әрі ғалым. Оның интеллект көрсеткіші — 182.
  9. Пол Аллен. Microsoft-тың негізін қалағандардың бірі, Билл Гейтстің ең жақын досы. Интеллект анықтайтын тест бойынша 170 балл алған. Қайырымдылықпен айналысқанды жақсы көрген. Seattle Seahawks баскетбол командасы болған. 2018 жылы өмірден өтті.   
  10. Джудит Полгар. Шахматта әпкелі-сіңлілі Полгарлар көпшілікке таныс. Үш қыздың ішінде Джудитті ерекше атап өтіп отырған себебіміз — ол айкью тестте 170 ұпай жинаған және 15 жасында гроссмейстер атанған. Әйтсе де, қалған екі әпкесі де өте ақылды.
  11. Филип Эмигуали. Компьютерлік технологиялар саласының маманы. Шыққан тегі нигериялық. 14 жасында мектеп шығуға мәжбүр болған. Бірақ соған қарамастан 17 жасында Орегон штатындағы оқу орнына түскен. IQ мөлшері 190-ға бағаланады.  
  12. Кристофер Ланган. 4 жасында әріп танып, оқи алған. Колледжден «оқытушылардың берері қалмады, жаңа нәрсе үйрене алмадым» деп шығып кеткен. Бірнеше салада істеп көрген. Өрт сөндіруші болып та істеген. Әлемге өзінің Жаһанның когнитив-теориялық моделі арқылы танылған. Кристофер Ланганның айкью мөлшері — 195.
  13. Иван Ивек. Хорватиялық ғалым. Математика ғылымымен айналысады. Ақыл-ой қабілеттеріне арналған тестерге қызығады. Тек осы бағытқа арналған сайт әзірлеп шығарған. Интеллект деңгейін анықтайтын тест тапсырғанда 174 балл  жинаған.
  14. Ким Анг-Янг. Оңтүсік Кореяда өмірге келген. Үш жасынд 4 тілде сайрап тұрған. Кейінірек Америкаға көшіп, NASA-ға жұмысқа тұрған. Оның айкью мөлшері 210-ға бағаланады. 
  15. Гарри Каспаров. Ресейлік шахматшы. Шахматтан әлемнің 13-чемпионы, саясаткер, литератор. Гарри Каспаровтың IQ деңгейі — 194. 
  16. Стивен Хокинг. Белгілі ғалым, физик, бірнеше бестселлер кітаптың авторы. Оның айкью көрсеткіші 160-қа бағаланады.
  17. Волтер О’Брайан. Ирландиялық бизнесмен, Scorpion Computer Services компаниясының директоры, айкью тест нәтижесі бойынша 190 ұпай жинаған. Бала кезінде аутизмі бар болуы мүмкін деген. Дегенмен анализдер тапсырғанда анықталмаған. Қатарластарынан ақылымен ерекшеленген. 13 жасында О’Брайан NASA-ның серверлерін бұзып, космос шаттлын құруға қатысты құпия жоспарды «ұрлап» кеткен.
  18. Никола Тесла. Ғалымның көзі тірісінде айкью анықтайтын тест болмаған. Десе де, мамандар шамамен 200 болуы мүмкін деген пікір айтады.
  19. Сэр Эндрю Джон Уайлс. Принстон университетінің профессоры, Британия империясы орденін иеленген даңқты рыцарь, әлемдегі ең ақылы Дегендер 300 жылға жуық уақыт бойы ойланған Ферм теориясын дәлелдеген. Эндрю Уайлстың интеллекісі 170-ке жуық. 
  20. Айнан Коули. Сингапурден шыққан вундеркинд. 7 жасында орта мектепті тәмамдаған. Әлемдегі ең жас түлек саналады. Өте көп көлемдегі ақпаратты дереу жаттай алатын қасиетімен ерекшеленеді. Жады өте мықты. Уикипедиядағы ақпаратқа сүйенсек, оның IQ көрсеткіші 263-ке тең деседі.
  21. Мицлав Предавек, математика профессоры, IQ деңгейі 192-ге бағаналады. Басқатырғыларды шешкенді жақсы көреді. Рубиктің кубигін 10 секундта жинай алады.
  22. Джина Дейвис. Америкалық фотомодель, актриса, «Оскар» сыйлығының иегері. IQ-і —140. Интеллектуалдар қауымдастығының мүшесі.
  23. Анатолий Вассерман. «Своя игра», «Что? Где? Когда?» телешоуларында бірнеше рет жеңіске жеткен. Ресейлік журналист әрі саяси кеңесші. Айкью деңгейі 140-160 шамасында. 
  24. Грейс Хоппер. Америка Құрама Штаттары флотының коммодоры әрі ғалым. Кезінде гарвардтық Mark I компьютеріне бағдарлама жазған. Оның IQ көрсеткіші 175-ке тең болған.  
  25. Эдит Штерн. Бес жасында-ақ Британиялық энциклопедияны тауысқан. 12 жасында Мичиган университетіне оқуға түскен. Араға үш жыл салып тригонометриядан сабақ берген. IQ анықтауға арналған тест тапсырғанда нәтижесі 200-ді көрсеткен.

Бұдан өзге де ақылды әрі интеллектуал адам жетерлік. Бұл — бір бөлігі ғана. Негізі айкью мөлшері қатып қалған шама емес. Яғни туғанынан ақылды болғандар ғана жоғары нәтиже көрсетпейді. Ақыл-ой өрісін кеңейткен сайын шаманы да өсіруге болады. Сондықтан неғұрлым көп оқып, түрлі скилзды дамытқан сайын интеллектіңіз сәйкесінше көтеріле береді.  

Сондай-ақ оқыңыз