Медицина қызметкерлері қызметтік тұрғын үйді үшінші тұлғаларға жалға берген

Жарияланды
Жылой ауданының әкімдігі дәрігерлерді қызметтік тұрғын үйден шығару мәселесін түсіндірді

БАҚ беттерінде Жылыой аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерін қызметтік тұрғын үйден заңсыз шығару тәрізді ақпарат тарады. Жауап ретінде аудан әкімдігі осы жағдайға түсініктеме берді. 
Жылыой ауданы әкімі Құлсары қаласында халықпен кездескен кезде Ұ. Әбдірахманов көшесінің тұрғындарынан дәрігерлер мен мұғалімдерге берілген қызметтік пәтерлер үшінші тұлғаларға жалға берілетіндігі туралы шағымдар түскен.
Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов тұрғындардың өтініштеріне байланысты, баланс ұстаушысы «Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сіне жоғарыда көрсетілген дерек бойынша тексеру жүргізуді тапсырады. 
Тексеру қорытындысы бойынша, қызметтік пәтер алған екі дәрігердің онда тұрмайтыны және үшінші тұлғаларға жалға бергендері анықталды. 
Осы факті анықталғаннан кейін пәтер иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметтік пәтерлер «Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансына қайтарылды. 
Қызметтік тұрғын үйді дәрігерлерге Жылыой аудандық орталық ауруханасы берді.

Сондай-ақ оқыңыз