Өскемендіктер қоқыспен күресудің жолын тапты

Жарияланды
«Таза қала» сайты іске қосылды

Өскеменде стихиялық қоқыс орындары проблемаларын шешу үшін «Таза қала» сайты іске қосылды

 «Эмир» ҚҚ http://chistyi-gorod.kz/ «Таза қала» жобасының сайтын іске қосты. Ол Өскемен қаласының аумағында қоқысты шығару және кәдеге жарату, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындармен байланысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Платформа қаладағы ең үлкен проблеманы – стихиялық қоқыс орындары мен қоғамдық кеңістіктерді тазарту мәселесін шешу үшін қала тұрғындарының, мемлекеттік органдары мен билік өкілдерінің өзара әрекеттестігін жолға қоюға мүмкіндік береді. Жобаны Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр.

Команда сайт көмегімен азаматтардың өтініштерін жинап, мемлекеттік органдарға жіберіп қана қоймай, қоқыс жинау мәселелерінің қаншалықты тиімді шешілгенін бақылауды жоспарлап отыр. Сайтта келіп түскен әрбір өтініш бойынша ТКШ бөлімдерінің жауаптары және олардың статистикасы жарияланатын болады. Сайттың жұмысы қоқыс жинаудың шешілмеген мәселелері үшін қоғамдық сынға жиі ұшырайтын жергілікті органдар жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

«Жобамыздың идеясы қалалық информациялық алаңды бақылауға негізделген. Қала тұрғындары күн сайын әлеуметтік желілерде стихиялық қоқыс орындарының мекен-жайын көрсете отырып, посттар мен сториз жариялайды. Бірақ әлеуметтік желілердегі жарияланымдар ресми жүгіну болып саналмайды. Біз адамдарда ЭЦҚ болмаса немесе eOtinish платформасы арқылы жүгіну мүмкіндігі болмаса да, мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін құралды әзірледік», – деп атап өтеді қор директоры Сергей Елагин

Оған қоса, қор командасы әртүрлі қоғамдық эко іс-шараларды – сенбіліктерді, тақырыптық кездесулерді, марафондарды – ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Команда қала тұрғындары Өскеменнің өміріне белсенді қатысуға дайын, ал мемлекеттік органдар жобаны қолдап, қаланы тазалау және абаттандыру бойынша тиімді шешім таба алады деп санайды. Жобаның ұраны – «Өскеменді бірге тазалайық»!

Сондай-ақ оқыңыз