Жетісу ауданында  ХҚО күшейтілген тәртіпте  жұмыс істейді

Жарияланды
Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалы басшылығы алматылықтарға үндеу жасады.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы аумағына уақытша келген шетелдіктерге ЖСН қалыптастыру бойынша қызметтерді және ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат алуға резидент еместердің келуіне байланысты филиалдың аудандық бөлімдерінде көрсетілетін қызметті алушылардың шоғырлануы байқалады. Осыған байланысты бірыңғай электрондық кезек талонын алуға да азаматтар кезек санын арттыруда.

Халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі Бірыңғай электрондық кезек талондарын «анықтама» секторындағы мамандардан да, «Мобильдік ХҚО» қосымшасындағы QR кодты сканерлеу жолымен де алуға болады. QR кодтары барлық бөлімдерде қызмет алушыларға көрінетін жерлерде орналастырылған.

    Сондай-ақ, шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арнайы күшейтілген ХҚО-ларда қабылдау туралы шешім шығарды.

    Алматы қаласында күшейтілген ХҚО «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 6А (2-қабат) мекенжайында жұмыс істейді. ЖСН алуға өтінім осы Жетісу аудандық күшейтілген ХҚО-да қабылданады».

     Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Алматы қалалық филиалының директоры Абдурасул Кулдашов өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Қабылданған шаралар ХҚО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады. Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайларды ретке келтіру үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр. Осы ретте клиенттерді түсінікпен қарауға шақырамыз» – делінген хабарламада. 

ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады.

Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін.

Алматы қаласындағы ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істеуде.

 Қызмет алушылар «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ оқыңыз