Қазақстан мен Түркі Мемлекеттері Ұйымы бірыңғай цифрлық экожүйе құруға ниетті

Жарияланды
IT саланы дамытуға қатысты бірлескен мәлімдемеге қол қойылды

Digital Bridge – «Central Eurasia as a new tech platform»  – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде» халықаралық технологиялық форумы шеңберінде түркі әлемінің цифрлық жүйесін дамыту мәселелері талқылаған панельдік сессия өтті.

Түркі Мемлекеттері Ұйымының хатшылығы және ТМҰ-ға қатысушы елдердің цифрлық министрліктері қатысқан сессияда IT саланы дамыту, түркі әлемінің бірлігін нығайту бойынша жаңа цифрлық бастамаларды енгізу, IT қоғамдастық алдында тұрған артықшылықтар мен сын-қатерлер талқыланған.

Өз сөзінде Министр Б. Мусин аталған іс-шараның IT-қоғамдастық үшін маңыздылығын, түркі елдерінің өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастығын, атап айтқанда, озық тәжірибемен алмасу және цифрландыру саласында серпінді жобаларды құру үшін технологиялық компаниялардың серіктестік қатынастарына жәрдем көрсету арқылы орнату қажеттігін атап өтті.

«Біз, әрине, ақпараттық қауіпсіздіктің және мемлекеттер қорғайтын деректерді таратпаудың барлық талаптарын ескере отырып, ақпараттық жүйелердің мемлекетаралық интеграциясы туралы салмақпен ойлануымыз қажет. Біздің түпкі мақсатымыз: азаматтарымыздың, бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын неғұрлым қарапайым және адамдарға бағдарланған ету болуы тиіс», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

ТМҰ Бас хатшысы Бағдад Әміреев ТМҰ-ның сауда мен инвестициялардан бастап кеден және көлік секторларында бизнес-қоғамдастықтар үшін көпжақты электрондық сауда платформасын құруға дейінгі барлық әлеуетті салаларда цифрлық трансформацияны ілгерілетуде өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша үлкен әлеуеті мен өршіл мақсаттары бар екеніне сенім білдірді.

Панельдік сессия барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ТМҰ хатшылығы арасындағы түркі елдерінде IT-саланы дамытуға қатысты бірлескен мәлімдемеге қол қойылған.

Сондай-ақ оқыңыз