Мас хәлдегі жұмысшысы көлік иесінің автокөлігін айдап әкетіп, аударып жіберді

Елордалық полиция қызметкерлері автокөлікті айдап әкеткен күдіктіні ұстады.

Полицияға көлік жуу орнының иесі «Toyota Rav-4» маркалы көлігін айдап кеткені туралы арызданған. Ер адамның айтуынша, ол түнде көлікті жұмыста қалдырып кеткен. Кілттер шкафта болған.

Көлік жуу орнының 25 жастағы мас хәлдегі жұмысшысы иесінің кроссоверін айдап кеткен. Ол бейнебақылау камералары түсіріп алмас үшін мемлекеттік нөмірлерін шешіп алған. Алайда, күдікті рөлді басқара алмай, көлікті бүйіріне аударып жіберген.

Полицейлер оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы «айдап әкету» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды көліктен шыққанда қырағы болуды, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын міндетті түрде тексеруді ескертеді. Сіздің көлігіңізді айдап әкетпеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері автокөліктің кілтін бейтаныс адамдарға бермеуге кеңес береді.

Егер сізге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалса, дереу полицияға немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз.

Ақпарат Астана қ. ПД Баспасөз қызметінен алынды

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Медициналық ұйымдар қандай кемшіліктерге жиі жол береді?
Медициналық сақтандыру қорының негізгі басымдықтарының бірі – пациент  құқығын қорғау. Осыған орай кері байланыс құралдары арқылы түсетін шағым-өтініштер ерекше бақылауда болады. Сондай-ақ, халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.
Қазір оқуда