AFSA GB Insurance Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты

Компания AFSA белгілі шарттарды орындамаған

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) GB Insurance Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын  компанияға берілген лицензия шарттарын орындамағаны үшін дереу тоқтату туралы шешім қабылдады.

Компания AFSA қойған мынадай шарттарды орындамаған:

  • Компания AFSA-ның келісімінсіз және есертусіз қызметін бастаған;
  • Сақтандыру компаниясы ретінде қызметін бастар алдында алдын-ала шарттарды орындамаған;
  • Компания өзі енгізуі тиіс актуарлық саясат, процедуралар және жүйе мен бақылауды енгізбеген және AFSA-дан келісім алмаған;
  • AFSA-ның рұқсатынсыз мынадай қадағалаушы қызмет функцияларын Тәуекелді басқару менеджері, Ішкі аудит менеджері және Бекіту актуарий қызметтеріне кісі алған;
  • Тиісті адамдарсыз және еш жағдайсыз тәуекелді сақтандыру саласында қызмет атқарған.

AFSA миссиясы әділ және ашық қаржылық, капитал нарығын қамтамсыз ететін орта құру, өйткені жеке тұлғалар мен кәсіпорындар соған қарай бой түзейді, әрі АХҚО мен AFSA сүйенетін халықаралық жоғарғы корпоративтік басқару талаптарына сай болу.

AFSA Бас директорының орынбасары Гаррет Линг «AFSA-дан лицензия алған компаниялар  өздері сұраған өтінім бойынша жұмыс істемес бұрын AFSA-ның бүкіл талаптарын толықтай қанағаттандырулары тиіс. GB Insurance Ltd өз лицензиясы бойынша  алғышарттарды орындамау арқылы жауапкершіліктен ада екенін көрсетті, мұндай оқиғаларға көз жұма қарауға болмайды» – деді.

Тұтынушылардың құқығын қорғау қаржы реттеушісінің негізгі басымдықтарының бірі. Тұтынушыларды тәуекелге итермелеуге ықтимал жағдайлар туып жатса, AFSA реттеуші органның негізгі талаптарын орындамайтын компанияларға жұмыс істеуге рұқсат етпейді.   

Кэптивтік сақтандыру компаниясы ретінде (Класс 3), компания өз қожайындарына тиесілі ұйымдарды тәуекелден сақтандырумен айналысатын. Қаржылық реттеуші бұл компаниядан оның сақтандыру келісім-шарттарын тоқтатуы немесе күшін жоюын талап еткен.

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда