АҚШ доллары жаһандық деңгейде нығайды

Жарияланды
Қандай факторлар әсер етті

Қыркүйектің қорытындысы бойынша, теңге 1 АҚШ доллары үшін 476,53 теңгеге дейін 0,9%-ға өзгерді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 98 млн АҚШ долларынан 91 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрады. Валюта нарығы бұрынғысынша сыртқы факторлардың қысымында қалып, геосаяси аренадағы қақтығыстар күшейді, энергия тасымалдаушылар бағасы төмендеп, АҚШ доллары жаһандық деңгейде нығайды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы шамамен 583,5 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асырады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қыркүйекте 85,1 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 4,3%-ын құрады.  

Ұлттық Банк қыркүйекте валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмады.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады. 

Сондай-ақ оқыңыз