Алматы қаласындағы арнайы күшейтілген орталықтың мекенжайы өзгерді

Жарияланды
Шетел азаматтарының көп келуіне байланысты күшейтілген ХҚО қызметін басқа кең ғимаратқа көшті

Алматы қаласына келіп жатқан шетелдік азаматтардың мемлекеттік қызмет алу сұранысына орай, күшейтілген қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылған болатын. Бұл туралы ХҚО баспасөз қызметі хабарлады.

Енді шетел азаматтарының жаппай келу легін ескере отырып, күшейтілген ХҚО қызметін басқа кең ғимаратқа көшіру жөнінде шешім қабылданды.

Енді, шетелден келген қызмет алушылар «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметі бойынша Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «Құлагер»шағынауданы, Қазыбаев көшесі, 286В, «Құлагер» денешынықтыру-сауықтыру орталығы ғимаратына келуге болады.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз