Елімізде қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсті

Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады

2022 жылғы қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсті. Қыркүйек айында инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтерге байқалды – 2,7% (2022 ж. тамызда-1,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ға (2022 ж. тамызда – 1,8%) қымбаттады, ТБИ құрылымындағы қымбаттаудың ең төмен қарқыны азық-түлік тауарларында –1,2% (2022ж.-1%). Бұл туралы ҚР Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

Ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде (2022 ж. қыркүйек) ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1%, білім беру қызметтері 7,1%-ға өсті.

                Азық- түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5%-ға көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар 2%-ға, киім мен аяқ киім 1,9%-ға қымбаттады. Отын бағасы 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондардағы сұйытылған газ 1,5%-ға өсті.

               Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда (2022 ж. қыркүйекте) 1,2% өсті. Жұмыртқа бағасы 7,5%-ға, күнбағыс майы 4,6%-ға, күріш, макарон өнімдері әрқайсысы 4,1%-ға, тоқаш және ұн өнімдері 3,8%-ға, жармалар 3,2%-ға, кондитер өнімдері 3,1%-ға өсті. Бұл ретте, жаңа піскен көкөністер бағасы 10,2%-ға, картоп 8,5%-ға, құмшекер 5,2%-ға, жаңа піскен жемістер  3%-ға  арзандады.

  Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады. 2022 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға көтерілді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда